Елбасы сондай-ақ, спортты қаржыландыруды реттейтін заңға қол қойды. Елімізде қоржынға медаль әкелетін спорт түрлеріне басымдық берілмейтін көрінеді. Жаңа заңда жеңімпаздардың, әсіресе, олимпиада жүлдегерлерінің демеу қаржысын ұлғайту қарастырылған. Одан бөлек, бюджетті реттеу кезінде кадрлық әлеует пен метариалдық-техникалық база да есепке алынады. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, мұндай жаңашылдық қазақстандық спорттың бәсекеге қабілеттілігін арттырмақ.
«Спорт түрлерін қаржыландырудың жаңа жүйесі қамтылмақ. Бұл қаржыландыруды реттеуге келгенде қателіктерден арылтып, республикалық және облыстық деңгейде спорт түрлері бойынша қаражатты әділ әрі тәуелсіз бөлуге мүмкіндік береді»,- деді ҚР мәдениет және спорт министрі, Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ.