Нұрсұлтан Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада өтетін Сириядағы жағдайды реттеу бойынша халықаралық кездесуге дайындық барысы талқыланған. Екіжақты ынтымақтастықтың кейбір өзекті мәселелері де сөз болды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада Сирия бойынша кездесу өткізу мерзімі осы күндері Анкарада өтетін консультация нәтижесіне тәуелді екені айтылған. Оны бір аптаға шегеруі де мүмкін. Ал, Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты Астанада өтетін келіссөз 23 қаңтарға жоспарланған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00