Нұрсұлтан Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

13.01.2017 16:05
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада өтетін Сириядағы жағдайды реттеу бойынша халықаралық кездесуге дайындық барысы талқыланған. Екіжақты ынтымақтастықтың кейбір өзекті мәселелері де сөз болды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада Сирия бойынша кездесу өткізу мерзімі осы күндері Анкарада өтетін консультация нәтижесіне тәуелді екені айтылған. Оны бір аптаға шегеруі де мүмкін. Ал,  Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты Астанада өтетін келіссөз 23 қаңтарға жоспарланған.