Мемлекет басшысы Ерлан Ыдырысовты қабылдады

01.11.2016 18:53

Мемлекет басшысы Еліміздің сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. Кездесуде ведомство басшысы Президентке қаңтарда басталатын Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі аясындағы жұмыстарға әзірлік барысы туралы баяндады. Елбасы сыртқы саяси қызметті атқару кезінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, алдағы Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелік аясында өткізілетін іс-шаралардың басымдығы бар бағыттарына тоқталып, бұл мәртебелі міндет әлемдік қоғамдастықтың айрықша сенімінің көрінісі болып саналатынын жеткізді. Ал, Ерлан Ыдырысов өз кезегінде Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметке дайындық белсенді түрде жүргізіліп, тұрақты комитеттерге басшылық жасау міндеттерінің бөлініп беріліп жатқанын мәлімдеді. Елбасы министрге бірқатар тапсырмалар жүктеді. 


"Биылғы мәселе қазіргі мынау Жапония мен Кореяға сапар. Сонан кейін, Ресейде Евразиялық экономикалық кеңесі болады. Ендігі жылғы жұмысымыздың негізі біздің Қауіпсіздік кеңесіне мүше болғанымыз БҰҰ-да. Ол үлкен Қазақстанға абырой, үлкен сенім. Қандай жұмыс істейміз, соның бәрін ақылдасамыз",- деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.