|
07.06.2018 | 22:20
1958

Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин кеңейтілген құрамдағы келіссөз өткізді

Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин кеңейтілген құрамдағы келіссөз өткізді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Елбасы сапар барысында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен, Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен, Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Тұрақты комитетінің Төрағасы Ли Чжаньшумен жоғары деңгейдегі кездесулер өткізу көзделген. Сондай-ақ әлемдік экономикаға ықпалын жүргізіп отырған алпауыт бизнесмендермен де бас қосады. Қазақстан мен Қытайдың іскер топтар өкілдерімен жүздесу және бірқатар екі жақты құжаттарға бірлесе қол қою жоспарланып отыр. Екі жақты кездесуде мұнай-газ, құрылыс, көлік саласынан бастап, өңіраралық қауіпсіздік пен терроризмге қарсы күрес секілді мәселелер талқыланбақ. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин 2012 жылдан бері 18-ші рет кездесіп отыр. Осы уақытқа дейін 67 миллиард долларды құрайтын 127 құжатқа қол қойылған. Атап өтерлік жайт, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2,6 миллиард долларға артып, 10 миллиард теңгеден асқан. Сондай-ақ Қытайға экспорт көлемі 1,1 миллиард долларға көп. Былтыр эскпорт 5,8 миллиард долларды құраса, импорт 4,7 миллиард долларға жеткен.

Фото: sputnik

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир