«Бір белдеу, бір жол» бастамасы жаңа геоэкономикалық парадигма қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бейжіңде өткен "Бір белдеу, бір жол" атты халықаралық ынтымақтастық форумына қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Президенттің осы сөзін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин жоғары бағалап, Қазақстанды трансқұрлықтық транзиттік тасымалдаудың "чемпионы" деп атады. Екі күнге жалғасқан форумға Азия, Еуропа, Африка, Латын Америкасы мен қатар ТМД елдерінен Қазақстан, Ресей, Өзбекстан мен Беларусь елінен келген басшылар қатысып, алты сала бойынша өзекті тақырыптарды талқылады. Тақырыпқа инфрақұрылымдық байланыс, сауда-экономикалық ынтымақтастық, өндірістік инвестициялар, энергетика мен қазба байлықтар, қаржылай қолдау мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері арқау болды.
¤Бейжің қаласында өтіп жатқан «Бір белдеу, бір жол» форумы ресми түрде кеше ашылды. Төрткүл дүние көз тіккен шараға 29 мемлекеттің басшылары келген. Президент, үкімет басшыларынан бөлек, БҰҰ, Дүниежүзілік Банк пен Халықаралық Валюта Фондының өкілдері де қатысты. Қазақстан бұл жиын үшін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы форматындағы ең беделді мүше екендігі айқын. Еліміз үшін өзге елдермен жүк тасымалы транзитін жолға қою әрі, өзге де салаларда қарым қатынас орнату экономикалық дамуға қарқын берері сөзсіз. Қазақстан делегациясын бастаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевта форумда сөз алып, аталмыш шара барысындағы маңызды мәселелерге тоқталды.¤
«Қазақстан қытай екіжақты әріптестік қатынасын өңірлік және жаһандық дамудың жаңа парадигмасына айналғанын айтуға болады. Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалы ағынының жыл сайынғы өсімінің артуы бұл жоба жұмысының өсуіне сеп болмақ. Біздің аумақ арқылы құрлық аралық жол еуропадан ресейге, оңтүстік шығыс Азияға, қытай елдерін жалғап отыр. Соңғы аз уақытта біз екі мың шақырымнан астам темір жолын, төрт мың шақырым автмобиль жолдарын қолданысқа бердік. Бұл Қазақстаның жібек жолы жобасына қосқан ауқымды үлесі»,- деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. ¤
Си Цзиньпинде «Бір белдеу, бір жол» форумының өзге мемлекеттер арасында байланыс орнатуға үлкен серпін беретінін баса айтты. Сонымен қатар, тоғыз жолдың торабында орналасқан «Жібек Жолының» маңыздылығын айналып өтпеді. Демек, ол түрлі наным сенімдегі ұлттардың басын бір арнаға тоғыстырып отыр. «Бір белдеу, бір жол» бағыты Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында, Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасы негізінде жүзеге асып отырған бағдарламаларды тек толықтырып отыр дейді- Қытай елінің басшысы.¤
«Адамзаттың әлемдік тарихында даму қарқыны тоқтаған емес. Баршамыз бір бірімізбен тығыз байланыстамыз. Даму мен жақсы өмірге ұмтылып келеміз. 2013 жылдың қыркүйек айында Қазақстанда кейіннен, Индонезияда Мен өз тарапымнан «Жібек жолы» экономикалық белдеуі мен теңіз «Жібек жолын» яғни, 21 ғасырдың «бір белдеу, бір жол» бағыты бойынша құрылысты қолға алуды ұсынған болатынмын. Соңғы төрт жылда жүзге жуық мемлекет осы ұсынысқа қызығушылық тудырды»,- деді ҚХР төрағасы, Си ЦЗИНЬПИН.¤
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзін жоғары бағалап, Қазақстанды трансқұрлықтық транзиттік тасымалдаудың "чемпионы" деп атады. Форум аясында өткен «Тығыз ынтымақтастыққа арналған саяси бірлескен қызмет» атты «дөңгелек үстел» жиынына қатысушылар алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Еуразияда ежелгі Жібек жолын жаңа, заманауи форматта қайта жандандыру идеясы әлемде белең алып келе жатқан саяси, экономикалық және гуманитарлық дағдарыстарға берілген уақтылы жауап екенін атап өтті. ¤
«Бүгінде Еуразия аймағында көп салада интеграциялық жобалар дамып келеді. Біз олардың жемісті болуын қолдаймыз. Ресей бірнеше мемлекеттермен экономикалық одақ құрғанын көбіңіз білесіздер. Бұл тұрғыда одаққа мүше Қазақстан, Қырғызстан, Беларус елдерінің өкілдері белсенді жұмыс істеп келеді. Біз Қытай Халық Республикасының "Бір белдеу, бір жол" атты ауқымды жиынына сәттілік тілейміз»,- деді РФ президенті, Владимир ПУТИН. ¤
Құрамы жағынан үлкен жирмалыққа пара пар келетін Бейжің жиынында Нұрсұлтан Назарбаев 12 елдің басшыларымен кездесу өткізіп үлгерді. Отырыс барысында Елбасы Ресей Президенті Владимир Путин мен Түркия Президенті Реджеп Эрдоғанмен бірге «Сирия мәселерін шешуге қатысты» Астанада өткен келіссөздерді де сөз етті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның бас хатшысы Антонио Гуттеришпен де тілдесті. Ол өз тарапынан алдағы уақытта Астанада өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кезекті форумына қатысуға ниетті екенін білдірді. Екі күнге созлыған форум барысында Қытай тарапы, Жібек жолын дамытуға қосымша 100 миллиард юань, яғни 14,5 миллиард доллар бөлетіндерін мәлімдеді. ҚХР төрағасының сөзінше Қытай мемлекеттік даму банкі Жаңа жібек жолы жобаларын қолдауға 250 миллиард доллар, ал Қытайдың экспорт және импорт банкі "Бір белдеу - бір жол" бастамасы жобаларын қаржыландыруға 130 миллиард юань көлемінде мақсатты несие бөлуге дайын. Жалпы 2013 жылдан бері Жібек жолын жандандыруға аспан асты елі 50 млрд доллар инвестиция құйып үлгерген.
Әмірболат Құсайынұлы, Назым Мәлікқызы, Президент телерадио кешенінің көмегімен, Қытай халық республикасынан арнайы "Алматы" арнасы үшін