«Оңай» жүйесі ақау салдарынан келген шығынды өтеп бермек

17.11.2017 21:44

«Оңай» жүйесі ақау салдарынан келген шығынды өтеп бермек. Қаражат электронды төлем карталарында қаржы бола тұра қолма-қол ақша төлеуге мәжбүр болған жолаушыларға қайтарылады. Алматы көлік холдингінің сөзінше, карта бойынша төлем жолаушылардың 5-7 пайызынан ғана қабылданбаған. Қаржыны қайтару үшін тұрғындардың қолында оңай картасы және 11-12 қараша аралығында қоғамдық көлікте берілген бір реттік жолақы билеттері болуы керек.

«Терминалдар жаппай істен шыққан жоқ. Тек кейбірінде ғана ақау болды. Ақау жүйедегі модульді жаңарту кезінде орын алды. Терминал жұмысы бір жарым тәулікте қалыпқа келтірілді», - деді «Алматы қаласы көлік холдингі» ЖШС директорының орынбасары Владимир СМИРНОВ.