Алматыда мыңнан аса тұрғын мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлеріне қоныстана алмай отыр. «Әйгерім-2» ықшамауданындағы тұрғын үй кешені өткен жылдың мамыр айында қолданысқа берілуі тиіс болатын. Алайда оның құрылысы тұралап тұр. Салымшыларға қоныс тойын тойлайтын күн қашан келмек?
Алматылық Олжас Мұхтаров 4 жыл бойы «Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне» қаржы жинаған. 2016 жылы өзіне тиімді бағдарлама бойынша салынып жатқан баспананы көріп, бірден оған өтініш беріпті. Үміткер ретінде тізімге де енген. Олжастың сөзінше, «Әйгерім-2» тұрғын үй кешенінен пәтерді 2017 жылы алуы тиіс болған.
«Үйді қолданысқа беру уақытын бірнеше рет шегерді. Оның неліктен созылып кеткендігін ешкім бізге түсіндірмеді де, түсініктеме де берген жоқ. Менің ойымша, құрылысқа адам аз жұмылдырылған. Қауіпсіздік шарасы, ереже сақталмаған»,-деді Олжас МҰХТАРОВ.
Олжас 2016 жылы шаңырақ көтеріпті. Кішкентай 6 айлық баласы бар. Қазір ол ата-анасымен амалсыз пәтер жалдап тұруға мәжбүр.
«Бір бөлмелі пәтерді жалдау кемінде 75 мың теңге. Мен үйдің 50 пайыз қаржысын құйып қойдым. Ол бойынша несие айына 65 мың шығып тұр. Сондықтан маған пәтер жалдап тұрғаннан гөрі, жаңа баспананың ипотекасын төлеген әлдеқайда тиімді»,-деді Олжас МҰХТАРОВ.
«Әйгерім-2» тұрғын үй кешенінен баспана алуға Олжаспен қатар, 4300-ден аса азамат өтініш берген. Яғни, бір пәтерге 4 үміткер болған. Ал жалпы пәтер саны 1 мың 134. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» 2016 жылдың қазан айында осы нысан бойынша дауыс беру өткізген. Оның нәтижесі бойынша сұраныс өте жоғары екнідігі анықталыпты.
«2017 жылдың мамыр айында ол 18 үйлер дайын болуы керек болатын. Бірақ қазіргі таңда әлі күнге дейін үйлер әлі дайын емес. Өйткені құрылыс содан бері кішкене созылып отыр. Ол салынып бітетін уақыттары былтырғы мамырдан бері 2 рет созылды»,-деді Алматы қаласы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиалы директорының орынбасары Диас РАХЫМХАН.
Қоныс тойын күте-күте шаршаған бұқараның басым бөлігі одан бас тартыпты. Ал пулда қалғандары құрылысты бақылап отыру үшін үйдің жанынан пәтер жалдап жүрген көрінеді. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» де салымшыларға барынша көмек көрсетіп келеді. Тұрғын үй кешеніне барып, мердігер компанияға туындаған ескертулерді орындауға нақты мерзім қойып береді. Бірақ ол әлі іске асырылмай отыр. Ал, құрылысты жүргізген мекеме барлығы кесте бойынша жасалып келе жатқанын айтып міз бақпай отыр. тіпті, ешқандай жауапкершілік алуға асығар емес.
«Құрылысты 2016 жылдың қазан айында бастадық. Пәтер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы беріледі. Тапсырыс беруші «Бәйтерек девелопмент». Қазір салынатын 18 үйдің 10-ы толығымен аяқталды. 8-і аяқталуға жақын. Онда кем-кетік жерін жойып жатырмыз. Жұмыс өте көп. Жөндеу шілде айының аяғында аяқталады»,- деді «Артемида ЛТД» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Хусейн КАСАНОВ.
Осыған дейін талай рет елдің аузын құр шһөппен сүртіп жүрген Мердігер компания бірінші кезектегі үйді шілде айының ортасында пайдалануға береміз дейді. Ал, екінші кезек шілде айының аяғында беріледі деп күтілуде. Бірақ, баспанасына қол жэеткізе алмай жүргендер мұны кезекті өтірігіме деп қорқып отыр.
Перизат Көмекбайқызы, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы.