Алматыда қаңғыбас иттерді жинайтын орталық ашылуы мүмкін

Алматыда қаңғыбас иттерді жинайтын орталық ашылуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қаңғыбас иттерді жинайтын орталық ашылуы мүмкін. Мұндай мәселені жылдық жұмысын қорытындылаған қоғамдық кеңес мүшелері айтты. Себебі, ауланған иттердің иесі табылмаса, түрлі амалмен өлтіруге тура келетін көрінеді. Бұл халықтың наразылығын тудырған. Сондай-ақ, кеңес мүшелері, пәтер иелері кооперативінің жұмыстарын да сынға алды.

Бүгінгі жиында Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің 2016 жылы атқарған жұмыстары мен қосқан өз үлестері жөнінде сөз болды. Соның ішінде елімізде уақытша тіркеуге тұру, конституциялық реформаның қандай оң өзгеріс алып келгенін сала мамандары көпшілікке тәптіштеп түсіндірді. Сонымен қатар,  өз шешімін осы күнге дейін таппай жатқан түйткілді мәселелердің түйініне де тоқталды.

«Кез келген мәселені тамырынан бастаған дұрыс. Демек халық неге мұқтаж сол бойынша жұмыстар жүргіземіз. Қазіргі таңда КСКА - ға көңілдері толмаса біз олардың төрағалары мен кездесіп түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Әркім өз жұмысын сауатты істеуі тиіс»,- деді Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазбек ШАЙХ. 

Қоғамдық кеңес мүшелерінің алдағы уақытта  басты назарда ұстайтын  жоспарларының бірі Алматы қалалық пәтер иелері кооперативының атқарып жатқан қызметі, ақылы автотұрақ мәселесі мен ветеренария қызметінің жұмысы болмақ. Сала мамандарының сөздерінше , жыл сайын қаңғыбас иттерді қалай болса солай аулайтыны бүгінде көпшіліктің наразылығын тудырып отыр дейді.

«Бүгінде шындығында қаңғыбас иттердің ауланы көпшіліктің наразылығын тудырып отыр. Оларды қылқындырып, жандарын қинап ұстайды. Ол әрине адамгершілікке жатпайды. Көпшілікті мазалайтын сұрақтармен күреспесек болмайды. Сондықтан, осы жайттың алдын алу шарасын қарастырудамыз»,- деді Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Думан ҚАПАСОВ. 

Бүгінде Алматы қаласы бойынша жиырма мыңға жуық қаңғыбас иттер ауланады. Оған, мемлекеттің бюджетінен қыруар қаражат бөлінеді. Ал, құрыққа түскен иттерді ветеренария мамандары түрлі амалмен өлтіреді. Осы мақсатта қоғамдық кеңес мүшелері жеті қазынамыздың біріне арнап арнайы орталық ашсақ деп отыр .



Новости партнеров