Алматыда ата-аналар балабақшадағы бос орындарды онлайн режимде қарап отыра алады. Осыған байланысты арнайы жүйе жасалды. Онда бөбекжайлардың атауы көрсетілмейді, тек аудан бойынша мектепке дейінгі мекемелерді көруге болады. Ақпарат ұдайы жаңартылып тұрады. Порталда тіркелген соң, ата-аналарға хабарлама келіп, қажетті бөбекжайға бағыт көрсетіледі. Оны алған бойда, бір тәулікте жауап беру қажет.
«Open Almaty.kz сайты арқылы баланы кезекке қояды. Одан кейін жеке кабинетке кіріп, сол жерде баланың ЖСН нөмірін толтырады. Сол жерде нұсқаулық бәрі-бәрі берілген. Ата-ана сол жүйеге қалай кіреді. сол нұсқаулықпен танысады. Сол нұсқаулықпен танысқаннан кейін батырманы басып өздері хабарлама шығарып алады», - деді Балабақша қызметкері Шынар ТЕЛҒАЗИЕВА.