Алматыда жезөкшелердің тағы бір ордасы талқандалды

15.11.2016 16:48


Алматыда жезөкшелердің тағы бір ордасы талқандалды. Тәртіп сақшылары тексеріске шығып, бір түнде жеңіл жүрісті 16 келіншекті қолға түсірген. Жезөкшелер Жетісу ауданында бұқпантайлапты. Оларға 32 жастағы әйел жеңгетайлық жасап, ақшаларын алып отырған. Полицейлер матағандардың арасында жеңгетайдың көмекшісі де бар.

Тәртіп сақшылары тұтқындаған жеңгетай мен оның көмекшісі қазір уақытша тергеу изоляторында. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полицейлердің атйуынша, қос күдікті 16 жезөкшенің 15-ін күштеп, құлдықта ұстаған.

"Жеңгетайлықпен айналысқан, 84-ші жылғы әйел азаматшасы және оның көмекшісі 90-шы жылы туылған, екеуі Алматы қалалық ішкі істер департаментінің уақытша оқшаулау абақтысына қамалып, қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 309-шы бабының 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасу үстінде",- деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі, Салтанат ӘЗІРБЕК.