Алмалы ауданындағы «Юбилейный» супермаркеті күрделі жөндеуден кейін ресми түрде ашылды

Алмалы ауданындағы «Юбилейный» супермаркеті күрделі жөндеуден кейін ресми түрде ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алмалы ауданындағы «Юбилейный» супермаркеті күрделі жөндеуден кейін ресми түрде ашылды. Жаңартылған маркетті қала әкімі Бауыржан Байбек  аралап көрді. Онда өрт қауіпсіздігі мен санитарлық норма қатаң сақталған. Сондай-ақ, супермаркет электр қуатын 40 пайызға үнемдейтін технологиямен жабдықталған. Ал жуық арада сөрелерге 70 пайыз отандық өнім қойылады. Оған қоса, дүкен 500 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр. Болашақта оның саны тағы 100-ге артпақ. Есте болса, өткен жылдың мамыр айында "Корова бар" кафесінен өрт шығып, жалын «Юбилейный» cупермаркеті мен тұрғын үйдегі біраз пәтер өртеніп кеткен болатын.

«Былтырғы жағдайдан кейін «Дастархан» фирмасының басшылары 600-дей миллион теңге жұмсап, төңірегін жөндеуге, мына үйдің қайта жөндеуіне, сонымен қатар мына магазиннің жөндеуіне үлкен қаражат жұмсап, Италиядан жаңа құрал-жабдық әкеп, қазір жаңа форматта жұмысын бастап отыр»,- деді Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі, Жасұлан ЕСТЕНОВ.

Новости партнеров