ОҚО-да экстремистік материал таратқан 12 күдікті ұсталды

01.02.2018 в 15:30

 Оңтүстік Қазақстан облысында экстремистік материал таратқан күдіктілер қолға түсті. Олар әлеуметтік желі арқылы діни алауыздық тудырған. Арнайы жасақ өкілдері әзірге 12 күдіктіні матап үлгеріпті. Олардың жандайшаптары болуы мүмкін деген тұспал бар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан дерекке сүйенсек, тұтқындалған азаматтар Түркістан, Арыс және Кентау қалаларының тұрғындары. Араларында Шардара, Созақ және Түлкібас аудандарының тумалары да бар. Қазір күдіктілер қамауға алынып, оларға тергеу тағайындалған.