Биыл 100 алматылық ата-аналарға экстракорпоральды ұрықтандыру квотасы бөлінді

Биыл 100 алматылық ата-аналарға экстракорпоральды ұрықтандыру квотасы бөлінді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Бесіксіз үйде береке болмас. Биыл ата-ана болуды армандаған алматылықтарға мемлекеттен 97 экстракорпоральды ұрықтандыру квотасы бөлінді. Ал, эмбрионды бір рет сынап көрудің өзі елімізде 800 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі қомақты қаржыны талап етеді. Тақырыпты тілші тарқатады.

Айы-күні жақындап қалған 42 жастағы Анна бүгінде қуанышты сәтті асыға күтіп жүр. Құрсағындағы егіздерін аман-есен дүниеге әкеліп, жақындарын қуантсам дейді ол. Анна аталмыш квотаны өзінің жергілікті емханасындағы дәрігерлердің кеңесі арқылы естіген екен. Ал ақ халаттылар оған жатыр түтіктерінің бітелуі деген диагноз қойған көрінеді.

«Бағдарламаның 1 жарым екі жылға дейін созылуына қарамастан, біз сендік, күттік. Кезегіміз келген соң керекті талдамалардан, коммисиядан өттік, ата-ана болуға қауқарлы екенімізді білгенде қатты қуандық. Бақыт сыйлаған елімізге алғысымыз шексіз»,- деді Анна ШМОТКИНА.

Бала сүю бақытын аңсағандарға медицинаның соңғы мүмкіндіктеріне жүгінбеске шара қалмайды. Эмбрионды бір рет сынап көрудің өзі елімізде 800 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі қомақты қаржыны талап етеді. Ал бұл ата-ана болғысы келген қарапайым жұптарға қымбатқа түсері анық. Биыл денсаулық сақтау министрлігінен қолдан ұрықтандыру бойынша 900 квота бөлінген екен. Оның 97-сі Алматыға тиесілі. 

«Қазіргі таңда 700-ден астам әйел кезекте тұр Алматы қаласы бойынша. Өткен жылғы 83 бөлінген квотаның 37-40 пайызы жүкті болып, екеуі бүгінге дейін босанып үлгерді. Әлі 27-сі келесі жылға, яғни осы жылы босанады деп күтіліп отыр»,- деді Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы, Райхан ҚАЛИЕВА.

Былтыр дәрігерлер жатырды қолдан ұрықтандыру бойынша 2000 мыңға жуық жұпқа кеңес беріп, 1000-ға жуығы Ультра дыбыстық зерттеуден өткен.  Көбіне дәрігерлерге 35-40 тан асқан пациенттер жүгінетін көрінеді.

«Жұбайларда егер 1 жылдың ішінде көтермесе, онда Денеден тыс ұрықтандыру деген көрсеткіш қойылады»,- деді Репродуктолог дәрігер, Нұржан АЙСАБАЕВА. 

Дәл осы жерде ұрықтандыру процессі жүреді. Жылына мұнда 250-дей экоцикл іске асады екен. Зертхана көмегіне еліміздің 16 облысынан келген әйелдер жүніне алады.

Соңғы жылдары эмбрионды жатырға орнатудың бірнеше түрі дамыған. Тіпті эмбрионды мұздатып, өмір бойына сақтайтын арнайы криосақтаушы бөлмелер де бар. Бұл ел демографиясының дамуына айтарлықтай үлесін қосады деуге болады.

Назкен Байтілес, Рашит Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров