|
12.04.2017 | 09:43
1787

Мамыр айынан бастап Астана қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Мамыр айынан бастап Астана қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Мамыр айынан бастап Астана қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесі қарсаңында қолға алынған жұмыстар легін Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мамин көз елегінен өткізді. Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметімен танысып, көрме аумағындағы полиция, логистикалық орталықта болып қайтты. Толығырақ елордалық тілшіміздің бейнематериалында.

Әлемді аузына қаратқан думанды дүрмектің басталуына 60 күн қалды. Қазір көрмені өткізу кезінде қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз ету бағытында кешенді шаралар қабылданып жатыр. ЭКСПО 2017 халықаралық көрме аумағында жаңа полиция бөлімі, ал жақын маңда өрт сөндіру бөлімі ашылды.

«Өрт сөндіру бөлімінің бұл жерде орналасуы тегін емес. Көрме аймағына 2-3 минутта жетуге болады. Бұл жерде 130 негізгі құрам, 6 арнайы техника бар. Нысан салынадардан бұрын барлық тексерістен өтіп, тиісті стандарттқа сай салынған»,- деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, Юрий ИЛЬИН.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин алдымен мамандандырылған өрт сөндіру бөлімін көрді. Бұл бөлім мамыр айында өз жұмысын бастайды. Жоба құны 1 миллиард 200 миллион теңге. Оның басым бөлігі республикалық бюджеттен қарастырылыпты. Бұдан бөлек, үкімет басшысының бірінші орынбасары көрме аумағындағы полиция бөлімі мен логистикалық орталықта да болып қайтты. Аталмыш орталық нысан аумағына кіретін барлық көліктерді тексеруге құқылы. Бүгінде еліміздің қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетімен бірігіп көрме кешеніне жеткізілген жүктер мен тауарларды тексеру үстінде. Көрме ашылардан бір ай бұрын ұйымдастырушылар кеңсесі орналасқан ғимаратта қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы өз жұмысын бастайды.

Жалпы мұнда қоғамдық тәртіпті қорғауға 9 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылса, оның 2 300-і өзге өңірлерден тартылмақ. Ал Астана қаласының ішкі істер департаменті көрме қарсаңында тіркелген, тіркелмеген қару-жарақты тексеру жұмыстарын бастап кетті.

«ЭКСПО-ның өткізілуіне байланысты қазіргі кезде полиция қызметкерлері басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, шаралар атқаруда. Оның бірі тіркелген қару иелерін тексеру. Және оларға ескерту жасалып, қаруларына сақ болу ескертіледі»,- деді ІІД ресми өкілі, София ҚЫЛЫШБЕКОВА.

Айта кетейік, өткен жылы азаматтардан тіркеуден өтпеген 25 бірлік қару сатып алынған. Биыл арнайы шара аясында 1 суық қару анықталыпты. Тұрғындарға жауаптылар қаруларын сатып алу үшін арнайы ақы да қарастырған. 10 және 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Қарудың құны оның түріне байланысты. Тәртіп сақшылары көрме қарсаңында тіркелген қару жарақтарды да тексруден өткізеді.

Азамат Әуезхан, Артур Абулхатаев, «Алматы» телеарнасы Астанадан



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир