Алматыда медициналық қызмет ұсынатын алғышқы портал пайда болды

Алматыда медициналық қызмет ұсынатын алғышқы портал пайда болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ интернет кеңістігінде халыққа медициналық қызмет ұсынатын алғышқы портал пайда болды. Бірыңғай сайт арқылы кез келген азамат Алматы қаласындағы денсаулық сақтау жүйесімен танысып, қажетті ақпаратына қолжеткізе алады. Тіпті пікір мен шағымдарын жеткізуге болады. Сайтқа тұрғындардан түскен әр хабарлама жауапты мамандардың бақылауында болып, өтініш иесіне тез арада жауап қайтарылады. Қалалық денсаулық басқармасы Прокуратура мамандарымен бірлесе отырып құрылған сайт медицина мамандары мен халық арасындағы ашық алаңға айналмақ. Порталда қаладағы мемлекеттік және жеке меншік емханалар мен кіл мықты деген медицина мамандарының тізімі жарияланған.  

«Арыз шағымдардың көптігін көріп, әлеуметтік желілерде сын ескертпелер айталды. Соларға қарап отырып неге осындай алаң ұйымдастырмасқа деп ойладық. Егер оны тиісті мекеме көрсе, оған шара қолданылады және жауабын береді. Осының бәрін ескере отырып, біз оны жүйелі түрде қарап, тиісті бақылауда болады», - деді прокуратура басшысының орынбасары Жандос ӨМІРӘЛИЕВ.


Новости партнеров