Оңтүстік Қазақстан облысында 7 миллион теңге пара алған қос шенеунік қолға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оңтүстік Қазақстан облысында 7 миллион теңге пара алған қос шенеунік қолға түсті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мәлімдеді. Аталмыш агенттіктің Оңтүстік өңірдегі департаменті кеше Оңтүстік Қазақстан облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Сырым Шалабай мен облыстың тексеру комиссиясының бас аудиторы Біржан Құдияровты қолға түсірген. Тексеріс кезінде олардың 7 миллион теңге көлемінде пара алғаны әшкереленді. Көп ұзамай ақшаға құныққан қос шенеунік уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Алайда, Құдияров қылмысын толықтай мойындауына байланысты бостандыққа жіберіліпті. Дегенмен, қазір бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31