Оңтүстік Қазақстан облысында той кезінде оқ атылды

18.08.2017 в 16:26

Ал Оңтүстік Қазақстан облысында той кезінде оқ атылды. Бір топ жігіт мерейтой соңында сыртқа шығып, жан-жаққа суық қарудан оқ жаудырған. Сөйтіп, төңіректегі адамдардың назарын өздеріне аудартпақ болыпты. Атылған оқтан екі келіншектің жараланғаны анықталды. Дәрігерлер оларға шұғыл көмек көрсеткеннен кейін, үйлеріне жіберген. Ал бұзақылар көп ұзамай тұтқындалды. Полицейлер қазір 3 күдіктіні тергеп жатыр. Олардың көлігінен екі бірдей шолақ мылтық пен тапанша табылды.          

«Қолға түскен күдіктінің екеуі бұрын істі болғандар. Қазір аталған дерек бойынша бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленіп, күдіктілер тергеліп жатыр», - деді  Сайрам ауданы ІІБ бөлім басшысы Мәлік ҚАЙБАР.