Оңтүстік Кореяның Кенсан-Пукто провинциясы Алматымен серіктес болуға ниетті. Экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты орнатып, Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту үшін бүгін тараптар бас қосты. Жоспарда елімізге түрлі салада қолданылатын Оңтүстік Кореяның жоғары технологиялы техникасын жеткізу бар. Екі ел мәдениеттерімен алмасу жөнінде де бірқатар шараларды бірлесіп атқармақ. Өйткені Кенсан-Пукто провинциясы Оңтүстік Кореяның ең ежелгі әрі мәдениет мен дәстүрі сақталған елді мекендердің бірі.