|
29.05.2018 | 11:34
2157

Ауыл шаруашылығын жаңа технологиямен дамыту үшін 80 млн доллар қарастырылған

Ауыл шаруашылығын жаңа технологиямен дамыту үшін 80 млн доллар қарастырылған

Алдағы бес жылда еліміздегі иесіз, қураған жайылымдар мәселесі толығымен шешіледі. Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымы Өндірістік ауыл шаруашылығының кеңсесі өз жұмысын бастады. Жоба аясында еліміздегі егістіктерді құнарландыру мен суару жүйесі қолға алынбақ. Ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, қазір Республикада 180 миллион гектар жайылымдық жер болса, оның 20 миллион гектары қараусыз жатыр.

«Жоба аясында жайылымдарды қолдану үшін пилоттық жүйеде жұмыс істейміз. Өйткені әр өңірде климаттық жағдайлар әртүрлі. Сондықтан ауылшаруашылығы министрлігімен осы бағдарлама шеңберінде мал шаруашылығы саласын жетілдіруді көздеп отырмыз»,-деді өндірістік ауыл шаруашылық ұйымының Қазақстандағы өкілі Қайрат НӘЖІМЕДЕНОВ.

Ауылшаруашылығы секторын дамытуға Қазақстаннан бөлек, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғыз, Өзбекстан және Түркия қызығушылық танытуда. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен жүзеге асқалы отырған әлемдегі ең ірі бағдарлама. Ол 5 жылға жоспарланған. Ал жаңа технологияларды енгізу мен зерттеу жұмыстарына 80 миллион доллар қаржы қарастырылыпты.

«Біз кішкентай фермаға дейін қамтығымыз келеді. Яғни, қолданып отырған технологиялар өздеріне пайда әкелсе, - дейміз. Бұл пайда қазір көрінбесе де, өскелең ұрпаққа қалуы керек. Әсіресе табиғи ресурстарға қамқорлық танытуда керек нәрсе»,-деді өндірістік ауылшаруашылық ұйымының Орталық Азиядағы өңірлік үйлестірушісі Виорел ГУЦУ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир