«Оpen Аlmaty» қоғамдық қабылдау орталығының ашылғанына 3 ай толды

14.12.2017 18:17

Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық қабылдау орталығы «Оpen Аlmaty»-ның өз жұмысын бастағанына тура 3 ай толды. Азаматтардың шағымы арнайы іске қосылған call-орталық электронды пошта арқылы және фронт-кеңседе қабылданады. Осы уақытқа дейін 4 мыңнан астам азаматтан өтініш келіп түскен. Тұрғындардың сауалы негізінен қандай мәселеге қатысты? Шағым қанша уақыт қаралады? Осы сұрақтарға жауап алу үшін біз студияға «Оpen Аlmaty» орталығы операциялық залының жетекшісі Нұрлан Жайлаубай мырзаны шақырып отырмыз.

- Нұрлан Дүйсенбекұлы, студиямызға қош келіпсіз! Бұған дейін тұрғындар өз сауалын жолдау үшін әкімдікке баратын еді. Енді азаматтар қоғамдық қабылдау орталығына жүгіне алады. Қазір орталықта қандай мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі? Тұрғындар шағымдарының басым бөлігі қандай салаға байланысты?

-Қала тұрғындары тұрғылықты мәселелерін шешу мақсатында және мемлекеттік органдардың ашықтылығын қамтамасыз ету мақсатында біз Алматы қаласы әкімдігінің қабылдау бөлмесін аштық. Ол жерде 20-ға жуық мемлекеттік органдар шоғылдандырылған. Яғни, ішкі істер департаменті, қалалық басқармалар, кәсіпкерлерге қолдау көрсететін орталықтар, кәсіби медиаторлар. Бүгінгі таңда ашылған уақытынан бастап, 4200-ге жуық шағымдар мен өтініштер келіп түскен. Олардың басым бөлігі тұрғын үй мәселелсі бойынша, ПИК, транспорт, жол жөндеу жұмыстары бойынша, көліктер бойынша өтініштер мен шағымдар түсіп жатыр. Сондай энергетика: газ, су құбырларын тарту, жылу, электр энергиясын қосу мәселелері бойынша шағымдар мен арыздар көп түсіп жатыр.

-  Мұндай орталықтың құрылуы қандай қиындықтарды шешті? Не ұттық?

-Бүгінгі таңда  бұдан біз ұтатынымыз, қала тұрғындарына арналған уақыт үнемдеу, 20-ға жуық мемлекеттік органдар бір жерде шоғырландырылған. Тұрғын бір жерге ғана келіп, өзін толғандыратын сұрақтары мен мәселелерін бойынша кеңес алып, нұсқау алуға мүмкіндіктері бар. Арыз бен өтініштерін сол жерде қалдырып кете алады.

-Жолданған сауал қанша күнде қаралады?

-Заң бойынша заңды және жеке тұлғаларды қабылдау бойынша 15 күннің ішінде өтініш қаралып, оған ресми түрде жауап қайтарылатын болады. Бюджеттік шығындарды қажет ететін болса, ол мәселе келесі жылға қалдырылады. Ресми түрде тұрғынға мәлемде беріп, жуап қайтарылатын болады.


Теги: Оpen Аlmaty