Оралда полиция ғимараты жанынан әйел адамның қанға боялған денесі табылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Суреттер әлеуметтік желіде тарап кеткен, қазір полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Оралда дүйсенбі күні таңертең ішкі істер басқармасы ғимараты жанынан әйел адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Sputnik.

Басылымның мәліметінше, әлеуметтік желідегі суреттерде қанға боялған әйелдің жалаңаш денесі қар үстінде жатыр. Әйелдің қалай және қайда өлтірілгені әзірше белгісіз. БҚО ІІД баспасөз қызметі бұл деректі растады.

"Оқиға орнында криминалистер мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Мәйіт Орал ІІБ ғимараты жанынан табылған", — деп мәлімет берді БҚО ІІД баспасөз қызметі.

Айта кететін бір жайт, әйелдің сол қолында қаланың ойын-сауық орындарының біріне тиесілі білезік қалыпты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Новости партнеров