Отандық әуе компаниялары керосинсіз қалуы мүмкін

Отандық әуе компаниялары керосинсіз қалуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жуық арада отандық әуе компаниялары керосинсіз қалуы мүмкін. "Эйр Астана" компаниясы осылай дабыл қағып отыр. Айтуларынша, жанармайды тасымалдаушы Ресейлік мекемелер елімізге шикізат жеткізуді уақытша тоқтатқан. Ал отандық әуе керосинін өндіретін Шымкенттік жалғаз компания күзде жөндеуге жабылмақ. Бірақ оның өзі сұранысты өтей алмай келеді екен. Ол бар болғаны жылына 200 мың тонна керосин өндіретін болып шықты. Енді тапшылықтың кесірінен әуе компанияларының рейске шыға алмай қалуы әбден мүмкін.

¤«Авиацияға арналған керосин тапшылығы баяғыдан бар. Бірнеше жыл бойы соның зардабын тартып келеміз. Басты түйіткіл – отандық мұнай өңдейтін зауыттардың жоқтығы. Бізге 2017-ші жылдың маусым айынан бері керосин Ресейден тасымалданбай қалды. Осыған байланысты, тапшылық туындап отыр. Әуе компаниялары керосиннің 70 пайызын Ресейден тасымалдайтын. Қазір жағдай ушығып тұр», - деді Әуе компанияның жанармай ресурсын басқару Департаментінің супервайзері ¤ Руслан ЖАҚҰТОВ.

Мамандардың есебі бойынша, биыл азаматтық авиация саласына 800 мың тоннадай жанармай қажет. Жыл басынан бері эскпорттаушы ел тауар көлемін 15 мың тоннаға дейін азайтқан. Соның салдарынан "Эйр Астана" компаниясы керосин тапшылығы қазан айының аяғында айқын сезіледі деп отыр. 


Новости партнеров