Алматы әуежайы маңындағы көл демалыс аймағына айналады

02.11.2016 19:17

Алматы әуежайы маңындағы көл демалыс аймағына айналады. Су қоймасының тағдыры туралы Түрксіб ауданының әкімі мәлімдеді. Владимир Устюгов ол көлді неміс компаниясы өз қаржыларына тазартқанын айтты. Енді әкімдік инвесторларды тарту мақсатында қазіргі уақытта су қоймасының экологиялық жай-күйін жақсартып, қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда. Ал, ұзындығы 4 шақырым Сұлтан-Қарасу өзенінің арнасын нығайту жұмыстары желтоқсан айында аяқталады деді,- аудан басшысы. 



"Сейфуллин мен Шолохов, Жұмабаев пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында және Бекмаханов көшесінің бойымен 1,5 шақырым аумақта арық жүйесіне жөндеу жұмыстары жасалуда. Бұл жұмыстар осы айдың ішінде аяқталады",- деді Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі, Владимир УСТЮГОВ. 

Аудан басшысы тұрғын үй мәселесін шешу мәселесі де өзекті болып отырғанын алға тартты. «Жас Қанат» ықшам ауданында салынған тоғыз қабатты 28 үйдің, әзірге тек 8-іне ғана тұрғындар қоныстандырылған. Есесіне, ауданда "Ескі үйлерді сүру" бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. 

"Біз Сейфуллин, Молдағалиев, Сауранбаев және Чернышевский көшелеріндегі 16 үйді бұзып, оның орнына жаңа 39 баспана тұрғыздық. Үйлердің бір бөлігі тұрғын үйдің басқа бағдарламасы арқылы жүзеге асты. Қазір бұл бағдарлама бойынша инвесторлармен жұмысты жалғастыру үстіндеміз",- деді Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі, Владимир УСТЮГОВ.