Қазақстандық Александр Колядин Паралимпиадада алтын медаль алды

14.03.2018 22:40

Пхенчхандағы қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алды. Отандық шаңғышы Александр Колядин классикалық стильде 1 жарым шақырымдық спринтте оқ бойы озып, бірінші болып келді. Күміс жүлде жапониялық спортшы Йошихиро Ниттаға бұйырды. Үздік үштікті канадалық Марк Арендс түйіндеп тұр. Осылайша, Қазақстан жалпы есепте бірден 13-ші орынға көтерілді. Қаперде болса, 12 наурыз күні тағы бір Қазақстандық шаңғышы Александр Герлиц еркін стильде 20 шақырымдық жарыста төртінші орынға тұрақтаған еді. Еске салайық, Паралимпиаданың алтын медалін жеңіп алған отандасымызға мемлекеттен 250 мың доллар сыйақы беріледі.