|
25.01.2018 | 21:10
1854

Парижді топан су басуы мүмкін

Парижді топан су басуы мүмкін

Парижды су басу қаупі бар. Қаланы қақ жара ағатын Сена өзені арнасынан асқалы тұр. Жергілікті билік өкілдері сақтық үшін темір жол қозғалысына уақытша шектеу қойыпты. Ал, Бразилияның бұрынғы президенті 12 жылға темір торға тоғытылуы мүмкін. Танымал саясаткер қомақты көлемде пара алды деген айыпқа ілікті.

Парижді топан су басуы бек мүмкін. Қаланың қақ ортасынан ағатын Сена өзені арнасынан асуға шақ қалған. Ондағы су деңгейі 5 жарым метрге жуықтапты. Апаттың алдын алуға кіріскен шенділер, темір жол желілерін уақытша жауыпты. Төтеншеліктер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр.  

«Сенбі күні су деңгейі 6 метрден асады деген қауіп бар. Жергілікті билік өкілдері жағдайды бақылауға алған. Іс насырға шапса, қалаға қатынайтын көліктердің қозғалысына тыйым салынады»,-деді Париж префекті, Мишель ДЕЛПУЭХ.

Сена өзені соңғы рет осыдан 2 жыл бұрын тасыған еді. Ол кезде бірнеше адам қаза тауып, ондаған үй қирандыға айналған. Тіпті, "Лувр" мұражайындағы құнды жәдігерлердің кейбірі су астында қалды. Ондағы апат шығыны 1 млрд еуроға бағаланды.    

«Біз жойқын апатқа тап болуымыз әбден мүмкін. 1910 жылғы тасқын қайталанбаса екен деймін. Әйтпесе, қаланың түгі қалмайды»,-деді Париж мэрінің бұрынғы кеңсшісі, Ив ДЮБУА.

Өткен ғасырдағы апат жұрттың әлі есінде. Ол кезде су деңгейі 8 метрден асып, рекордтық көрсеткішке жеткен еді. Мыңдаған тұрғын үйлерін тастап, қауіпсіз аумаққа жаппай көшкен. Ал, Мьянмадан безген рохинджа тайпасы тарихи отандарына жаппай оралып жатыр. Былтырғы қанды қырғыннан кейін, Бангладешке үдере көшкен мұсылмандарды ел билігі қайтадан шекара асуға үгіттеп, босқындар лагерін де құрып қойған. Ол Маунгдау қаласының маңында орналасқан.    

«Бангладеш тарапы бізге Мьянмаға келгісі келген адамдардың тізімін жібереді. Біз олардың жеке деректерін тексеріп, лагерлерге орналастырамыз,-деді Маунгдау көші-қон қызметінің директоры, Ко Ко Тхау.

Осы тұста, Біріккен ұлттар ұйымының басшылығы Мьянма билігі босқындарға ешқандай қысым көрсетілмеуін талап етіп отыр. Сондай-ақ, рохинджа тайпасының өкілдеріне гуманитарлық көмек көрсетілу керектігін айтты. 

«Біріккен ұлттар ұйымы рохинджа босқындарына көмек көрсетуге әзір. Бастысы - Мьянма билігі гуманитарлық көмек көрсетуімізге кедергі келтірмесе болады»,-деді БҰҰ бас хатшысының орынбасары, Марк ЛОУКОК.

Рохинджа мұсылмандарының қынадай қырылып жатқаны туралы ақпарат былтыр тамыз айында тарап еді. Әскерилердің шабуылынан мыңдаған адам мерт болып, 680 мың мұсылман Бангладешке жан сауғалап кеткен.  Осы тұста, Бразиялияда елдің бұрыны президентіне қатысты сот процесі жүріп жатыр. 72 жастағы Луиса Лулу қомақты көлемде пара алды деген күдікке іліккен. Аудандық сот танымал саясаткерге 9 жарым жыл үкім кесіп үлгерген еді. Ал, федералды сот жаза мерзімін 12 жылға дейін ұзартқан. 

«Лулуға қатысты заңсыз айыптар тағылып отыр. Біз федералды сот шығарған үкіммен келіспейміз. Апеляциялық шағым түсіреміз»,-деді Адвокат, Криштиану ЗАНИН.

Танымал саясаткер әзірге қамауға алынған жоқ. Түпкілікті шешімді елдің жоғарғы соты қабылдайды. Оған дейін Лулу бостандықта жүрмек. Бірақ,алдағы қазан айында болатын президент сайлауына қатыса алмайды.

Дастан Сейілханұлы, "Алматы" телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир