Парламент Сенатына Сайлау барысында хакерлер сайтты бұзуға тырысқан

30.06.2017 16:07


Парламент Сенатына Сайлау барысында хакерлер Орталық Сайлау Комиссиясының сайтын бұзуға тырысқан. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының директоры Ерлан Қосмұратов мәлімдеді. Журналистерге берген сұхбатында, шабуыл сағат бірден он үш минут кеткен кезде тіркелген. Кінәлілерді анықтау дер кезінде басталыпты. Бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясы қажетті құжаттарды Ішкі істер департаментіне жолдамақ. Олар өз тарапынан тексеру жұмыстарын қолға алып, қылмыстық іс қозғайтын болады.

«Бұл заңбұзушылық үшін жаза тағайындалады. Ақпараттық қауіпсіздік жоғары деңгейде болғанның арқасында біздің жүйені олар бұза алмады.Техника саласы мамандарына алғыс білдіремін.Алдағы уақытта да қауіпсіздікті осы деңгейде сақтау қажет. Қылмыскерлерді анықтауға жұмыла кірісу қажет»,- деді "Орталық сайлау комиссиясы" РМК директоры, Ерлан ҚОСМҰРАТОВ.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше жоғарғы палата депуттарын сайлау науқаны өткен болатын. Орталық сайлау комиссиясы жаңа құрамның есімін жариялады. Сайлаудан өткен депутат саны 14. Астана қаласынан 23 дауыспен Мамытбеков Еділ ал, Алматы қаласынан 32 дауыспен Динар Нүкетаева алға шықты.