Павлодар облысында теміржол қатынасы қалпына келтірілді

03.04.2017 в 16:19

Павлодар облысында теміржол қатынасы қалпына келтірілді. Қазіргі кезде су басу қаупі төнген аймақта теміржол платформаларын нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Қазақстан темір жолы «Жүк тасымалының» техникалық саясат бойынша вице-президенті Марат Шакенов хабарлады. «Сала мамандары мен диспетчерлердің тиянақты жұмыс атқаруының арқасында жағдайды дер кезінде ретке келтіре алдық», - дейді ол.  Павлодар облысындағы «Дегелең-Май» арасындағы теміржол қатынасы ашылып, пойыздардың жүруіне рұқсат берілді.

«Павлодар облысында 30 наурыз күні бірқатар жолдарды су шайып кетті. «Дегелең-Май» арасындағы теміржол қатынасы қалпыны келтірілді.Теміржол қызметкерлері мен диспетчерлердің тиянақты жұмысының арқасында жағдай тұрақталды. Қазір су басу қаупі төнген аймақта теміржол платформаларын нығайту шаралары өтуде», - деді «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ вице-президенті міндетін атқарушы Марат ШАКЕНОВ.