Павлодарда трамвайдың астында қалған оқушы қыздың жағдайы бір қалыпты

08.09.2017 23:53

Павлодарда трамвайдың астында қалған екінші сынып оқушысы есін жиды. Қазір сегіз жастағы қыздың жағдайы бірқалыпты. Дәрігерлер оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп отыр. Еске сала кетейік, Павлодарда жантүршігерлік жол апаты орын алып, апалы-сіңілі оқушылар трамвайдың астында қалған еді. Алған ауыр жарақаттан 10 жастағы қыз бала оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Ал оның сіңілісі ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілген болатын.


«Бүгінгі күнге жағдайы ауыр, реанимацияда. Бастың компьютерлік томографиясы өткізілді. Хирургиялық шара қолдану керек емес, консервативтік ем. Ес-түсі анық», - деді Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат МҰХАМАДИЕВА.