Павлодарлық полицейлер тоқсан сайын халық алдында есеп беретін болды

06.09.2018 19:10

Павлодар облысының әкімі аппараттық жиында құқық бұзушылықтың өсуіне байланысты участкелік полицейлер халық алдында есеп беруін талап етті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасқайрат Қайыров 2018 жылы 8 айда атқарылған жұмыс жөнінде есеп берді.

«2018 жылдың есептік кезеңінде құқық бұзушылықтың 3,2 пайызға (7427-ден 7664-ке дейін) шамалы өсуіне жол берілді. – Оның ішінде Павлодар (8,3 пайызға), Ақсу (14,2 пайызға) қалаларында ерекше байқалады. Қабылданған шаралар негізінде біз ауыр дене жарақатының 10,9 пайызға, қорқытып алу 50 пайызға және алаяқтықтың 1,8 пайызға төмендеуіне қол жеткіздік. 1,8 пайызға – тонау,  30,8 пайызға – қарақшылық, 39,7 пайызға – қара малды ұрлау және 12,8 пайызға – зорлау сынды қылмыс саласында қоғамдық пікірге әсер ететін қылмыстың тіркелуі төмендеді», – деді Жасқайрат Қайыров.