Алғашқы жеңіс: Юлия Галышева Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

13.02.2018 03:50

Ел қоржынындағы алғашқы жүлде. Оңтүстік Корея елінде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында фристайл могулдан Юлия Галышева 77.40 ұпай жинап, қола жүлде ұтты. Естеріңізде болса, спортшы финалдық кезеңнің бірінші бөлігінде өз тобында сәтті өнер көрсетіп, финалдық кезеңге өткен болатын. Юлияны Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ресми түрде құттықтады. Енді оған 75 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі. Айта кетейін, фристайл могулдан екінші орынды канадалық Жюстин-Дюфор-Лапонт иеленсе, алтын француздық спортшы Пьеррин Лаффонтқа бұйырды. Және Олимпиаданың төртінші күні қазақстандықтар спорттың 4 түрінен бақтарын сынайды. Олардың қатарында жүлдеден басты үміткерлердің бірі- фристайлдың могул сайысынан сынға түсетін Дмитрий Рейхерд бар. Әзірге Олимпиаданың жалпы есебінде Қазақстан 17-ші орында тұр.