Перзентханадан шықпай жатып телефон арқылы ТУУ туралы куәлікті алатын мүмкіндік туды

Перзентханадан шықпай жатып телефон арқылы ТУУ туралы куәлікті алатын мүмкіндік туды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Болашақ аналардың назарына! Енді босанған әйелдер перзентханадан шықпай жатып, ұялы телефонның көмегімен смс-хабарламаға жауап беру арқылы туу туралы куәлікті әб-сәтте ала алады. Ол үшін бір ғана электронды қолтаңбаңыздың болғаны жеткілікті. 
Алматылық ару Анар Бауыржанқызының аяқ қолын аман есен бауырына алып, ана деген атқа ие болғанына небәрі 4-ақ күн болған. Электронды үкіметке тіркелген келіншекке, босанғаннан кейін, ұялы телефонына арнайы құттықтау хабарлама келіпті. Артынша баласының аты-жөнін смс-хабарламамен  жіберу арқылы, туу туралы куәліктің рәсімделетіндігі жөнінде ақпарат  жеткен.  Мұндай мүмкіндіктің тиімді екенін ескерген ол, пайдаланып қалуды құп көрген. Кейіннен, тағы да сол 1414 нөмірінен шақалақты қазірден бастап, бала-бақшаға тіркеуге қоюға болатындығы жөнінде хат келіпті. Алматыдағы алғашқы қолданушыны Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары арнайы үйіне келіп, қолына қызының алғашқы құжатын табыстап кетті.
«Өте тез. Осы бір екі күнде куәлікті алдым. Енді, бала-бақшаға тіркелдік. Нөмірін жіберді. Енді күтеміз. СМС келетін шығар тағы да»,-Ана, Анар ӘЛІМОВА.
Алғашқы хабарлама бала туылған күннен бастап бір тәуілік ішінде келеді. Кейін, сәбидің анасы үш күннің ішінде жауап беріп, баласының ата-тегін айтуы тиіс. Егер, смс-ті елемесе, онда Халыққа қызмет көрсету орталығына баруына тура келеді. Бұл қызметтен бөлек, босанғаннан кейін алатын жәрдемақыны да үйден шықпай-ақ ұялы телефонның көмегімен рәсімдеуге болады. Тек жеке шотыңыздың нөмірін смс-хабарлама арқылы жіберсеңіз жеткілікті. 
«Азаматтарға әуелі Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, электронды қолтаңба алуы керек. Сол кезде мамандар ұялы телефон нөмірін мобильді үкіметке тіркейді. Яғни, ортақ базада аты-жөні тұрғаннан кейін, қандай қызмет ала алатындығы жөнінде 1414 нөмірінен хабарлама келіп тұрады. Мәселен, туу туралы куәлігін рәсімдеген соң, кейіннен  өзіне ыңғайлы, жақын жердегі АХАЖ бөлімінен алуға болады»,-деді Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің директоры, Әсел МАМАЖАНОВА.
Пилоттық жоба іске қосылғалы Алматыда 800-ден астам сәби дүниеге келіпті. Бірақ, тек 300-ге жуық ата-ана жаңа  жоба жайында мәлімет алғанымен, мүмкіндікті нақты пайдаланғандары 6-ақ адам. Ескере кетерлігі, мұндай қызметті мобильді азаматтардың базасында тіркелмеген клиенттен бөлек, 2008 жылға дейін некеге тұрғандар ала алмайды. Бұл жобадан басқа,  ұялы телефонның көмегімен бас-аяғы 30 шақты қызметті тегін алуға болады.   Оның ішінде мекен-жай анықтамасы, азаматтың сотталмағаны сынды анықтамаларды еш кедергісіз тез рәсімдеуге мүмкіндік беріледі. 
Әйкерім Ердәулетқызы, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы  
 
Новости партнеров