|
22.06.2018 | 14:30
1612

ПИК-ті үйден шықпай-ақ қалай басқаруға болады

ПИК-ті үйден шықпай-ақ қалай басқаруға болады

«е-KСK» жобасы әр тұрғынның «жеке кабинетті» құруын қарастырады. Қосымша арқылы электрик, сантехник сияқты мамандардың қызметін алу үшін ПИК-ке өтініш қалдыруға болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

е-КСК мобильді қосымшасы арқылы ұялы телефоннан ПИК-қа өтініш жіберуге мүмкіндік береді. Өтініш кепілді түрде адресатқа жетіп, оған нөмір тіркелініп беріледі. Бұдан кейін тапсырыс беруші қосымшадағы барлық өзгерістер туралы хабарландырулармен ақпараттандырылып, жұмыс аяқталған соң оның сапасын бағалай алады.

Ал ПИК маманы қосымшаның көмегімен клиентке өзі келе алатын уақытты белгілей алады. Сондай-ақ, «жеке кабинетте» ПИК хабарландыруларын (мысалға қарды жинау кезінде автокөліктерді орындарын ауыстыру қажеттігі жөнінде) қарау мүмкіндігі бар. Бұдан басқа, қаржылық есептің сілтемесі де ұсынылған.

Ыңғайлы қызметке қосылу үшін келесі әрекеттерді орындаған жөн:

1.  Е-КСК қосымшасын телефонға жүктеп, жүйеде тіркелу қажет (ол үшін ЕРЦ-ң дербес шотының нөмірі қажет).

2.  Тиісті үйді қосу.

3.  Үй қосымшада табылмаған жағдайда, ПИК төрағасына хат жазып, тіркеу.

Хаттың мәтіні: «Құрметті Аты-жөні! » Мен, үйдің тұрғыны (мекен-жайы) ретінде, е-КСК жүйесіне қосуыңызды сұраймын.

Жүйеге қосатын компанияның байланыс телефондарын ұсынамыз.

1) Алматы ауданы– SmartNet – 87054238877;

2) Сарыарка ауданы– ТОП КСК – 87778230202;

3) Есіл ауданы – ЦУРС – 87078897343;

4) Байқоңыр ауданы – барлық аталған үш компания.

4. Қосылуды күту.

Егер ПИК бірқатар себептерге байланысты бас тартса, аудан әкімдіктерінде тіркелген қызметкерлерге қоңырау шалу қажет.

Алматы ауданы – 87024445299;

Сарыарка ауданы– 87015279899;

Есіл ауданы– 87714117111;

Байқоңыр ауданы – 87755125252.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир