Кәсіпкерлер Талғар ауданындағы құрылыс өндірісін қаржыландыруға ниетті

17.05.2018 16:20

Қалталылар Алматы облысының Талғар ауданына ақша құйып жатыр. Кәсіпкерлер туризмді дамытуға, ауыл шаруашылығы, құрылыс пен тамақ өндірісін қаржыландыруға ниет танытқан. Өйткені дәл осы салалар аудан экономикасының негізгі драйверлері саналады. Сол себепті басты тақырып инвестиция болып отыр. Бір сөзбен айтқанда, келіссөздер алаңында бірнеше миллион теңгені құрайтын келісімшартқа қол қойылды.

«Талғар ауданы кездейсоқ таңдалып алынған жоқ. Мұнда кәсіпкерлерді қолдаудың менеджменті қалыптасқан және инвестициялық климаты жақсы. Күні кеше лифт шығарумен айналысатын Оңтүстік кореялық компаниямен бірлесіп жұмыс жасау туралы уағдаластық», - деді кәсіпкер Александр СКРИПИН.