Елімізге танымал жазушылар латын әліпбиіне көшу мәселесін талқылады

22.09.2017 02:18

Латын әліпбиінде тіл заңдылықтары ескерілуі керек. Жазушылар одағында өткен жиынға қатысқан қаламгерлер осындай пікір білдірді. Ұсынылған екі нұсқада оңтайлысы лингвистикалық тәсіл екенін алға тартуда. Ол 32 әріптен тұрады. Ал, мәжілісте таныстырылған компьютерге негізделген нұсқада 25 әріп  8 диграф бар. Олар қос таңбаның бірігуінен бір дыбысты береді. 

«ХХІ ғасырдың басында әлемдегі болып жатқан үлкен бәйге жарыстардың бәрінен қазақ ұлты ретінде мемлекет ретінде кенжелеп қалмауы үшін осы латынға көшу қажет екендігін айтты. Ал қандай әліпбимен көшу керектігін жаңа айттым. Оның саяси жағы осы. Әлемнің алдында ұлттық мемлекетіміздің абырой беделі және өзіміздің ұлттық графикасы болса деген сөз», - деді¤ Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан ОРАЗАЛИН.¤

Латын қарпі қазаққа жат емес. Өткен ғасырдың 1929-1940 жылдарында қолданылған. Ал бүгінгі таңда жер бетіндегі халықтың тең жартысы осы әліпбиді пайдаланады. Мамандар назарына 100-ден аса үлгісі келіп түсіпті. Соның ішінде сұрыпталып тиімді екі нұсқасы таңдалған. Оны таңдау барысында өзге мемлекеттердің де тәжірибесі ескерілген.

¤«Батыс еуропа тілдерін алатын болсақ, онда диграфтар, диакритикалық таңбалар алфавитке кірмеген. Онда 26 әріп бар. Ағылшын тілінде, француз тілінде, италян тілінде. Себебі, олардың жазуы ертеде қалыптасқан. Мысалы, Шығыс Еуропа тілдерін алатын болсақ, оларда диграфтар да қолданады. Диакритикалық таңбалар да қолданады. Сол жаңа әріптер алфавиттің ішіне кірген. Сондықтан олардың әріптері 30-дан 40-қа жетеді», - деді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Зейнеп Базарбаева.