Алматыда жүк көлігі 7 көлікті соғып тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жүк көлігі Назарбаев пен Сәтпаев көшелерінің қиылысында тоқтаған. Жол оқиғасының видеосы Instagram желісінде жарияланды.
Куәгерлердің айтуынша, фура жүргізушісі рөлде ұйықтап кеткен. Қиылысқа жете бергенде ол тұрақта тұрған жеңіл көлікті артқы тұсынан соғып тоқтайды.
Жеңіл көліктің артқы тұсынан тиген соққы толқыны алдыңғы жақта тұрған өзге көліктерге тиген. Абырой болғанда, көліктердің ішінде ешкім болмаған.