Алматыда күн салқындайды

25.05.2018 21:20

Көктем айының соңғы күндерінде Алматыда күн салқын болады. Ал маусым айының басында ауа температурасы +30 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. 

Дүйсенбі, 28 мамыр күні жауын жауады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы +18, түнде +8 градус көрсетеді. 

Сейсенбі, 29 мамырда күн ашық болады. Ауа температурасы күндіз +26, түнде +13 градус болады.

Сәрсенбі, 30 мамырда ауа бағамы күндіз  +25, түнде +9 градусты көрсетеді. Аздап жауын жауады. 

Бейсенбі, 31 мамырда күн бұлтты  болады. Ауа температурасы күндіз +23 градуc болса, түнде +12 градусты көрсетеді. 

Жұма, 1 маусымда ауа бағамы күндіз +28, түнде +13 градус болады деп болжануда. 

Сенбі, 2 маусым күні ауа температурасы +30 градусқа дейін көтеріледі.  Күн ашық болады. Түнде +16 градусты көрсетеді. 

Жексенбі, 3 мамырда  ауа бағамы күндіз +29, түнде +16 градус жылы болады.    

Ауа райы болжамы  intellicast.com сервисінен алынған. 


Теги: күн жауын