|
06.09.2018 | 13:17
2917

Ақтау тұрғыны баласын ұрған көрші әйелдің үстінен арыз жазды

Ақтау тұрғыны баласын ұрған көрші әйелдің үстінен арыз жазды

Ақтау тұрғыны көрші әйелді өзінің 11 жастағы баласын ұрып-соқты деп айыптады. Оқиға видеобақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты lada.kz-ке сілтеме жасап.

Жанжал 1 қыркүйекте 17-ықшамаудандағы «Дукат» тұрғын үй кешенінің ауласында болған.

Әсия Устенконың айтуынша, баласы Данил мен көрші үйдің баласы сусын үшін ұрысып қалған. Данил баладан су сұраған, бірақ шөлмекті ашып жатқанда сусын төгілген, осыдан кейін екі бала бір-бірін итере бастаған. Сусыны бар баланың анасы сол арадан табылып, олардың қақтығысына араласа кеткен.

«Ол баламның бетінен, басынан ұрып, аулада сүйреген. Көршілердің «қой» деген сөзін де елемеген. Балдақпен жүретін бір көршіміз де, амал не, ажырата алмапты», – дейді Данилдың анасы Әсия Устенко.

Оның айтуынша, бұл кезде ол күйеуімен бірге емханада болыпты, ал баласы әйелден ата-анасын күтуді сұраған. Бірақ әйел баланы ұрып-соғуын тоқтатпаған.  

«Қайтып келгенімізде балам жылап отырды. Көрші әйел кетіп қалған. Жиналғандар барлығын бізге айтып берді. Бірінші кезекте жергілікті ПИК-ке барып, видеоны сұраттым. Кадрларында баламды сүйреп бара жатқанын, баламның қарсыласқанын көруге болады. Балам әйелге өз баласының бірінші болып тебе бастағанын айтып түсіндіргісі келгенін жеткізді, бірақ әйел бірден жұдырық ала жүгіріпті. Түсінесіздер ме, балам әйел өлтіреді екен деп ойлады», – дейді Әсия.

Оқиға болған күні зардап шеккен баланың анасы дәрігерге қаралған. Баланың денесінде көптеген көгерген және ісіктер табылды.  Әйел Ақтау қалалық ІІБ-ге арыз түсірген.  

«Бүгінге дейін бірнеше куәгерден жауап алдық. Бала медициналық сараптамадан өтті, қорытындысын күтіп отырмыз. «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабына дәреже қосылады, яғни баланың ауыр не жеңіл жарақат алғаны анықталады. Осыдан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте қарастырылған жаза қолданылады. Одан әрмен іс сотқа жолданады. Сонымен қатар, іс материалдары Ақтау әкімдігіне қарасты кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға беріледі», – деп хабарлады Ақтау ІІД ЖПҚ ювенал полициясының бөлім басшысы Баймұрат Көшеров.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Көршілер
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир