Астанада қайырымдылық жәшігін қолды еткен азамат іздестірілуде

Астанада қайырымдылық жәшігін қолды еткен азамат іздестірілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астананың қоғамдық орындарда қалта ұрлығына баратындардың саны азаймай тұр. Полицейлердің айтуынша ұрлық әсіресе мереке қарсаңында көбейген.   Жалпы, жыл басынан бері қалада мыңнан аса қалта ұрлығы тіркелген. Олардың бүгінгі күнге дейін тек 30 пайызы ғана ашылған. Сондай-ақ, осыдан екі күн бұрын қала асханаларының бірінде ер азамат қайырылымдылық жәшігіндегі ақшаны қолды еткен. Тәртіп сақшылары кімде-кім бейнежазбадағы белгісіз азаматты таныса, ішкі істер департаментіне хабарласуын сұрайды.

«Асхананың ішінде адам жоқтығын пайдаланып, қайырымдылық жәшігін ұрлап кеткен ақшасымен бірге. Қазіргі кезде дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдар жүріп жатыр. Қылмыстық іс қозғалған ұрлық бабы бойынша», - деді Астана қ. ІІД ресми өкілі Софья ҚЫЛЫШБЕКОВА.

Новости партнеров