Полиция 18 жастағы қостанайлық қыздың өліміне күдіктінің фотороботын жариялады

23.07.2018 21:10

Қостанай облысының полицейлері 18 жастағы Дарья Махартованың өліміне күдіктіні іздейді. Ықтимал қылмыскердің фотороботы жасалып, таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысының ІДД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Күдікті шамамен 20-30 жас аралығындағы азамат. Үстінде ақ футболка, торлы қысқа шалбары бар. Қылмыскер болуы ықтимал адамның  фотороботы жасалды. Қандай да бір ақпаратқа ие болған жағдайда 8 (7142) 52-60-21, 52-61-05, 52-61-12 факс: 52-61-04, немесе 102 нөмірлеріне хабарласқан жөн» делінген ІІД-нің хабарламасында.

Еске салсақ, 18 жастағы Дарья Махартова 20 шілде күні сағат 22.00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған. Із-түзсіз жоғалып кеткен Затобол ауылы тұрғынының денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылды.

ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Кейінірек полиция Қостанай тұрғындарынан көмек сұрап, өтініш білдірген.