KADEX көрмесіндегі адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

25.05.2018 20:00

Sputnik. 24 мамырда KADEX-2018 көрмесі аумағында болған оқиғаға қатысты Астана ішкі істер департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Тергеу ҚР ҚК 306-бабы бойынша (қауіпсіздік талаптарына сай емес қызмет көрсету) жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тиісті шаралар қолданылады", — деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметі.

24 мамырда қатты желден ақпараттық стенд құлап, көрмеге келушіні басып қалды. Ер адамға алғашқы көмек дер кезінде көрсетілгенімен, ол ауруханада көз жұмған.


Толық көрсету
Теги: стенд