Шаханда болған төтенше жағдайдан зардап шеккендер демеушілердің есебінен пәтер ала алады. Бұл туралы Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов мәлімдеді. Апаттық-құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейінгі бірінші мақсат- қалған подъездердің ары қарай пайдалану мүмкіншілігін анықтау болды, - дейді әкім. Арнайы сараптама жасауға тартылған кәсіпорын кеше алғашқы қорытындысын жариялаған екен.
«3 подъезд бүгінгі күні пайдалануға жарамды, ешқандай апаттық жағдай жоқ деген. Сондықтан шешім қабылданды. Бұл үйге модульдық қащзандық орнатылатын болды. 7-8 үйге жылу бере бастаймыз. Яғни, 45 пәтер иелері үйлеріне кіреді. 4-інші подъездегі нақты бұзылған 3-бөлмелі 5 пәтер қазір құрылған қор арқылы сондай көлемдегі пәтерлер сатып алатын болдық. Ал енді 1,2 бөлмелі үйлер оларға шағын жөндеу жұмыстарын жөндеу керек. Егер үй иелері мен бұл үйде психологиялық тұрғыда тұра алмаймыз десе, оларға да пәтер сатып алып береміз»,- деді Қарағанды облысы, Шахтинск қаласының әкімі, Сержан АЙМАҚОВ.
Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. Кеше Шахан кентінде төтенше жағдайдан қаза тапқандар жер қойнауына тапсырылған болатын.