Астананың 20 жылдығына орай өтіп жатқан «Еуразия» кинофестивалі әлемнің 35 үздік фестивалі қатарына енді. 1 шілдеде басталған кино тойы алдағы екі күнде аяқталмақ. Сондықтан ұйымдастырушылар астаналықтар мен қала қонақтарын қызықтан құр қалмауға үндеді.
«Әрине, осындай мәдени шаралар ел атағын асқақтады. Шетел танып, қызыға бастағанын біз баяғыдан білеміз. Бірақ, 35 кинофестиваль қатарына ену бізді айрықша қуантып отыр. Алдағы уақытта бұдан да жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз», – деді «Еуразия» кинофестивалінің президенті Айман МҰСАҚОЖАЕВА.