Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Кездесу барысында Елбасы Үкіметтің жыл басынан бері атқарып жатқан жұмыстарының нәтижелеріне тоқталып, экономиканың түрлі секторындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды одан әрі сапалы іске асырудың маңыздылығына назар аударды.

«Жыл аяқталып келеді. Осы уақыт ішінде көп жұмыс атқарылды. Біз ЭКСПО көрмесін, Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитін өткіздік. Басқа да салалардағы жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Жалпы, экономикамыз тұрақты дамып келеді», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Ал Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Елбасыға биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары жөнінде баяндап, бірнеше көрсеткіштер мен индикаторлар бойынша оң өзгеріс бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, жыл соңына дейін еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған жобалар да іске асырылмақ. Премьер-министр мемлекет басшысын жалпы капиталға салынған инвестиция көлемімен хабардар етті. Ол 6,5 пайызға өсіпті. Кездесу соңында мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа бірқатар тапсырмалар  жүктеді.


Новости партнеров