Ақордада елбасы еліміздің премьер-министрін қабылдады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Кездесу барысында Елбасының жолдауын іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берілді. Бақытжан Сағынтаев бірінші тоқсанды қорытындылап, қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіштердің жоғарылағандығы туралы баяндады. Үкімет басшысының мәліметінше, өнеркәсіптің тау-кен саласы мен қайта өңдеу секторларындағы көрсеткіштер деңгейі өскен. Сондай-ақ, Сағынтаев, Үкімет әкімдіктерімен, ірі холдингтермен және компаниялармен бірлесіп қолға алынған жаңғыру жөніндегі жол картаның әзірленіп жатқандығын мәлімдеді. 

«Қабылдау барысында Нұрсұлтан Назарбаев бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша еліміздің экономикасы 3 пайызға өскендігін атап өтті. Бекітілген даму бағдарламаларының көрсеткіштерін одан әрі арттырып, оны тиімді деңгейде сақтап қалу керектігіне баса назар аударды. Бұдан бөлек Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қойылған міндеттерді іске асырудың маңызды екенін айтты»,- деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

«Барлық экономиканың өсіп жатқаны сіздің бағдарламаңыз бойынша осының жемісі деп білеміз. Соның ішіндегі қысқа мерзімді экономикалық индикаторларға келетін болсақ өндіріс, ауыл шаруашылығы, құрылыс, торговля, транспорт байланыс бәрі де өсіп отыр. Өндірістің ішіндегі мысалы: «Тау кен» өндірісіменен қайта өңдеу өндірістері өте жоғары көлемде. Сол себептен енді үкімет өзінің бар күш-жігерінің бәрін осы 3 пайыздық өсімді жылдың соңына дейін төмендетпей ұстап қалуға тырысамыз»,- деді ҚР Премьер-Министрі, Бақытжан САҒЫНТАЕВ.


Новости партнеров