Елімізге Иран Ислам Республикасының Президенті ресми іс-сапармен келді

Елімізге Иран Ислам Республикасының Президенті ресми іс-сапармен келді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізге Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани ресми іс-сапармен келді. Ақордада өткен кездесуде  екі елдің басшылары жалпы сомасы 1 млрд АҚШ долларын құрайтын коммерциялық келісімге қол қойды. Қос мемлекеттің  25 жылда жеткен жетістіктері мен толағай табыстары санамаланды.  Айта кетейік,  Хасан Руханидің бұл Қазақстанға екінші  рет келуі.  Иранмен қарым-қатынасын қазақ елі санкциялар кезінде де үзген жоқ. Қайта сауда-экономика, инвестиция, әріптестікті нығайту  жолдарын қарастырды.  Иран арқылы Қазақстан Парсы шығанағына шығып, сол өңірдегі елдермен сауда-саттық жасады. Алдағы уақытта Иран өз  жерінде астық пен контейнер терминалдарын бірлесіп салу жұмыстарын қолға алып жатыр.

«Біздің тәуелсіздігімізді алғашқы болып қолдаған Иран болатын.  Қазақстан үшін мұсылман әлеміндегі ең маңызды әріптес және Каспий жағалауындағы тату көрші. Біз сіздерді дос деп санаймыз. Сіздің кейінгі кездегі ядролық мәселені шешуге сіңірген зор еңбегіңізді Қазақстан халқы өте жоғары бағалайды. Бұл мәселе жөнінде көп еңбек сіңірдіңіз. Дүниежүзінде сіздің бұл жұмысыңыз жоғары баға алды», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.


Новости партнеров