Елбасы Алматыдағы электрлі автобус зауытына барды

04.09.2018 19:47

Мемлекет басшысы «Falcon Eurobus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зауыт жұмысы жөніндегі баяндамасын тыңдап, үшінші буын саналатын электрлі автобустар жасау өндірісінің технологиялық үдерісімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұл жобаны іске асыруға 15 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция тартылды. Оған мемлекеттік қолдау арқылы Алматы қаласының әкімдігі тарапынан жер телімі бөлінген және 2 миллиард теңгеге сумен қамту және электр желілері тартылған.

Өнімділік қуаты жылына 100 электрлі автобус шығаратын зауыт 1 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтиды.