Президентінің қатысуымен «Қазақстандық жаңа индустрияландыру» атты телекөпір өтті

07.12.2016 в 14:33
Қазақстан Президентінің қатысуымен «Қазақстандық жаңа индустрияландыру» атты телекөпір өтті. Жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы 23 жаңа индустрияландыру жобасын іске қосу жайлы пәрмен берді. Соның ішінде Алматы қаласындағы Италия технологиясымен модельді аяқ-киім шығаратын өндірістің жұмысын іске қосты. 

«Бұл жоба пилоттық жоба десем де болады. Келесі жылы, амандық болса біздер үлкен ақша құйып, күніне 3500 мың жұп аяқ-киім шығаратын ойымыз бар. Оның ішінде, әйелдер, ер кісілер, балалар бар. Осылайша, күнделікті ыңғайлы аяқ-киім шығару ойымызда бар»,- деді «Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы» ЖШС директоры, Айбек БЕКТҰРҒАНОВ.
 
Елбасы жаңғыртылған кәсіпорынның жұмысына бастау берген өндіріс орны 300 миллион теңгеге итальяндық жабдықпен жаңғыртылғаннан соң жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіпорын қызметкерлерінің саны 450-ге жетіп, өндіріс көлемі 7 есеге артқан. Ерлерге арналған маусымдық аяқ-киім сұрыпталымы 75 модельге жетті. Жалпы, жылына өндірістік қуаты 2,5 миллиард теңгені құрайтын 150 жұп аяқ киім шығарылады.