Ақпанның 19 мен 25 аралығына арналған ауа райы болжамы

19.02.2018 21:03

Ақпан айының 19 мен 25 аралығына арналған ауа райы болжамы. Алда алматылықтарды қандай ауа райы күтіп тұр? 

Дүйсенбі, 19 ақпанда  күн бұлытты болады. Ауа температурасы күндіз - 6, түнде – 11 грдаусты көрсетеді. 

Сейсенбі, 20 ақпанда күн жылы болады деп күтілуде. Ауа температурасы 1 градус, түнде минус 5 градус болады деп болжануда. 
Сәрсенбі, 21 ақпанда ауа райы құбылмалы болады. Қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа бағамы күндіз  1 градус, түнде – 4 градус көрсетеді.  

Бейсенбі, 22 ақпанда аспанға аздап бұлыт шығады. Ауа температурасы күндіз 1 градус болса, түнде – 5 градусқа дейін төмендейді. 

Жұма, 23 ақпанда күндіз ауа бағамы 1, түнде – 7 градусты көрсетеді. Күн бұлытты болады деп күтілуде. 

Сенбі, 24 ақпанда жауын жаумайды. Бірақ аспанға аздап бұлыт шығады деп болжануда. Ауа температурасы күндіз 1, түнде – 7 градусты көрсетеді.

Жексенбі, 25  ақпанда күн бұлытты болады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз 1, түнде – 7 градус болады.

Ауа райы болжамы  intellicast.com сервисінен алынған.