Алматыда күн ысиды

22.06.2018 14:30

Алдағы апта Алматыға аптап ыстық келеді. Синоптиктердің болжамынша, термометр бағаны +32 градусқа дейін көтеріліп, апта жауын-шашынсыз өтеді.

Дүйсенбі, 25 маусымда күн ыстық болады. Күндіз ауа температурасы +29, түнде +18 градусқа көтеріледі.

Сейсенбі, 26 маусымда күн бұлттанғанымен, жауын жаумайды. Термометр бағаны күндіз +28, түнде +16 градусты көрсетеді.


Сәрсенбі, 27 маусым күні ауа температурасы +30, түнде +17 градус жылы болады.

Бейсенбі, 28 маусымда ауа температурасы күндіз +31, түнде +17 градусты көрсетеді. Күн ашық болады.

Жұма, 29 маусым күні термометр бағаны күндіз +32, түнде +18 градусты көрсетеді.

Сенбі, 30 маусымда күн ысиды. Ауа температурасы күндіз +32, түнде +18 градусқа жоғарылайды.

Жексенбі, 31 маусымда да күн ыстық, бұл күні температура күндіз +31, түнде +17 градус жылы болады.
Ауа райы болжамы intellicast.com сервисінен алынған.


Теги: жауын